» » Екі адам көз жұмып, төртеуі жарақаттанды: Шымкенттегі дәмханада атыс болды

Екі адам көз жұмып, төртеуі жарақаттанды: Шымкенттегі дәмханада атыс болды


Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болып, салдарынан 2 адам көз жұмып, тағы төртеуі жарақаттанды.

Оқиға 29 қазанда сағат 17:30 шамасында Арғынбеков көшесіндегі дәмханада орын алған.
Куәгерлердің сөзінше, оқ атқандар саны екеу болыпты. Олар қарудан оқ жаудырғаннан кейін бірден оқиға орнынан ізін суытып, «Сайга» модельді екі қаруды дәмханадан 300 метр қашық жерге лақтырып кетіпті.
Оқиғадан кейін тергеушілер мен криминалистер дәмхана аумағын қоршауға алды. Сонымен қатар дәмхана маңына Toyota 70 және Lexus RX 350 маркалы екі көліктің тұрғаны хабарланды. Құқық қорғаушылар олардың бірінің салонынан қомақты ақша тапты. 
Дәмханада атысқа қатысқандардың бірі оқ жарақатынан тіл тартпай кетті. Инсайдер мәліметінше, артынша тағы бір адам көз жұмған.
Ал зардап шеккен 4 адам қалалық №1 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушілер – 1984, 1987, 1989 және 1996 жылғы азаматтар.
Дәмханадағы атыс дерегі бойынша ұсталғандар бар.
30 қазан 2019 ж. 530 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031