Қызылорда қалалық прокуратурасы су тарифінің төмендеуіне қол жеткізді

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Қызылорда облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен уақытша өтемдік тариф бекітіліп, нәтижесінде 1 текше метрге суды таратушы желілер арқылы беру қызметінің құны 53,46 теңгеден 46,85 теңгеге төмендетілсе 1 текше метр сарқынды суды бұру, тазарту қызметінің құны 79,51 теңгеден 68,78 теңгеге төмендетілді.
73 676 азаматтың құқығы қорғалды. Табиғи монополиялар саласындағы заңдарды бұзғаны үшін Кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, 12 860 291 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қызылорда қаласының прокуратурасы