Белгілі әзілкеш Дәнекер Оразбаев ішімдікке салынып кетті ме?

Дәнекер Оразбеков өзінің ішімдік ішкен күйінде сахнаға шыққан сәтін көріп, жерге кіріп кете жаздағанын мойындады.
"Жоқ, мен ондайға өте қарсымын. Мейлі түсіріліп жатыр ғой, жасырмаймын. Менде ондай оқиға бір рет болған. Кейін өзімді көрген кезде жерге кіріп кете жаздағам. Сол жерде ойнап, мен ақтырып жатырмын деп ойлағанмын. Бірақ, олай емес.Тіл күрмеленеді, адам ойына келгенін айта бастайды. Мен ол жерде кішкене ғана мас болатындай емеспін ғой деп ойлағанымен ол - қате. Мысалы, кішкене ұрттасаң да рульге отырмайсың ғой. Сол сияқты сахна да киелі. Сол себепті, мен ішімдік деген нәрсеге мүлдем қарсымын" ,- деп ағынан жарылды әзілкеш.