» » "Бір аяғым 5 сантиметрге қысқа": Қайрат Әділгерей жол апатына түскенін айтты

"Бір аяғым 5 сантиметрге қысқа": Қайрат Әділгерей жол апатына түскенін айтты

  Актер Қайрат Әділгерей алғаш рет 2002 жылы болған ауыр оқиға туралы айтып берді. Ол жол апатына түсіп, ақырында аяғы қатты қысқарып қалған, деп хабарлайды «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Жүргеновтің қабырғасында 2-курста оқып жүрген кезімде жол апатына түстім. 2003 жылы мүгедектік рәсімдегенмен, оның ақшасын алмадым. Өйткені, көп адам менің ақшамды санағанды жақсы көреді. 2002 жылы Сәтбаев пен Фурмонов көшесінде үй қымбат еді. Содан осы аяқпен 2004 жылдың басына дейін алыстым», - деді актер.

Әрі қарай Әділгерейұлы бір жылда наркозбен 5 ота жасатқанын, артынша осылай аяғымен әлек болып жүргенінде тағы да төбелестің ортасында қалып қойып, жағдайының одан бетер нашарлап кеткенін айтты.

«Республика Сарайының артында «Премьер» деген клуб болды. Енді жазылып келе жатқанымда ауылдан сыныптас балалар келіп, таяқпен бірге бардық. Сол жерде төбелестің ортасында қалып, аяғымды тағы да сындырып алдым. Содан қазір бір аяғым екіншісінен қысқа. «Әзіл әлемінде» біздің кіріп-шыққанымызды көрсетпейді. «Қайрат Әділгерейұлы» деп таныстырған кезде микрофонның алдында тұрамыз. (...)

Осылайша аяғым 4,7 сантиметрге қысқарды. Ішінен 3,5 сантиметрге биіктетін алғанмын. 1 сантиметр айырмашылықтан ақсаңдап жүремін», - деді ол.
Сондай-ақ, бұл кемістігінің себебін үнемі түсіндіре беруді қаламайтынын жеткізді. Сондықтан да жеңіл-желпі сылтау айтатынын жасырмады
05 қараша 2019 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031