» » "Бәрін талқандаймыз": Лаборанттың өлімінен кейін сотталған "Қазақалтын Technolgy" директорының туыстары шу шығарды

"Бәрін талқандаймыз": Лаборанттың өлімінен кейін сотталған "Қазақалтын Technolgy" директорының туыстары шу шығарды

  «Казақалтын Technolgy» ЖШС директоры Ақмола облысындағы акционерлік қоғамның лаборанты Динара Ақамбаеваның өлімінен кейін сотты болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Кокшетау Азия» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 
«Судья 34 жастағы Дидар Өтешкеновті Ақамбаеваға өліміне алып келген дене жарақатын салды деп таныды. Сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа моральдық және материалдық шығынын өтеуге міндеттелді», - делінеді хабарламада. 
Іс материалдары бойынша, 2 қаңтарда «Казақалтын Technolgy» АҚ-ның 36 жастағы лаборанты Ақамбаева кабинетінде бөгеліп қалып, адамдарға жатақханаға жеткізіп салатын автобусқа үлгермей қалған. 
«Ол күзетші арқылы бағыттас көлікті іздей бастаған. Күтпеген жерден «Казақалтын Technolgy» ЖШС-ның директоры Дидар Өтешкенов көмегін ұсынған. Әйел оның көлігіне отырған. Артынша жедел жәрдем оны ауыр жағдайда Степногорск ауруханасына жеткізді. Ол алған жарақаттарының салдарынан сол жерде көз жұмды.
Полиция анықтағандай, Өтешкенов жолай Ақамбаева дене жарақатын салып, артынша оны қансырап жатқан күйінде қызметкеріне алып барып, лаборанттың көліктен құлап кеткенін айтыпты. Әйелдің жағдайы нашарлап бара жатқандықтан, қызметкер жедел жәрдем шақырған. Тәртіп сақшылары сот санкциясымен Өтешкеновті тұтқындады», - делінеді хабарламада. 
Істі Степногорск қалалық соты қарады. 
«Сот залында сотталушының тарапы шу шығарып, БАҚ өкілдерін шығаруды талап етті. Біреуі журналисті залдан итеріп шығара бастады. Өздерін видеоға түсіруге тыйым салып, артынша айнып қалып, телеарналарға сұхбат беруге келісті. Олар Өтешкеновтің кінәсіз екенін айтып айқайлады. Бәрін талқандайтынын, сот шешіміне шағымданатынын айтты. Ал Ақамбаеваның туыстары көз жасын әрең ұстап тұрды. Марқұмның артында жалғыз қызы қалған. Ол анасына әлі күнге дейін күтіп жүр», - делінеді хабарламада. 
14 маусым 2019 ж. 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031