» » "Көкіректерін керіп отырады": Отандық әнші қыз той бизнес жұлдыздарын сынап тастады

"Көкіректерін керіп отырады": Отандық әнші қыз той бизнес жұлдыздарын сынап тастады

 Журналист Қарашаш Есенбай бүгінгі таңда хитке айналған "Шаршама", "Достарым менің золотой", "Опмай-опмай" деген әндерге тоқталып, өнер иесінен оларға деген көзқарасы жайлы сұрақ қойды.
"Тойда билеп жүрміз ғой, бірақ іздеп тыңдамаймын.Білесіз бе, ең қызығы сол әншілер хит, әрі біздің көзімізше көкіректерін керіп отырады. Аспаннан түсе алмай отырғанын көріп: "Құдайым-ай, кішкене өнердің дәмін сезбей жатып, неге мұншалықты аспанға көтеріліп кетті екен" деп ойланасың..." , - деп жауап берді әнші.
Осы орайда журналист Ларадан осындай орындаушылардың бүгінде халық арасында сұранысқа ие болуының себебін сұрады.
"Оның жалғыз себебі - кәсіби әншілерде халыққа "өтетін" ән жоқ! Олар отырды да әнге плагиат жасай салды. Бір жағынан олардың тапқырлығын да мойындау керек.
Әншілік қабілеттеріне тоқталатын болсақ, дауысына мән беріп тыңдамаймын. Меніңше, олар той үшін ғана жүргендер.
Мен әндерімді бөлемін. Менің де репертуарымда тойдың әндері бар, бірақ оларды да музыканың заңдылықтарын, мәдениетін сақтап жаздырғанмын", - деді өнер иесі.
Сонымен қатар, Лара бүгінде сахнаға шығып, жанды дауысты ән айтатын жұлдыздарды сынады.
Айтуынша, олардың барлығын фонограммадан шектесе, шоу-бизнестегілердің біразының "маскасы" шешіледі.
"Шығармашылық концерттер тек жанды дауыста өтетін болса деймін. Сол кезде барлығының "маскасы" шешіледі. Халықтан ақша алып жатыр ғой, сол ақшасына вокалға барсын. Терлеп-тепшіп ән айтсын, сонда әділеттілік болады. Өздері де халыққа бетін ашып қарайтын еді", - дейді ол.
05 қараша 2019 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031