57 жаста алғаш рет тұрмысқа шықты
57 жастағы әйел мен 67 жастағы азаматтың шаңырақ құрған сәті жарияланды. Күйеу жігіттің қалауымен тойдың барлық талаптары сақталды. Бұл туралы журналист stan.kz. хабарлады.
Айтуынша, егде жаста отау құрған жұбайлардың той рәсімінде барлық салт-дәстүр сақталған. Беташар жасалып, отқа май құйды. Қалыңдық босағадан оң аяғымен аттады."Қыздың аты әрқашан қыз. Әсіресе, қартайғанда екеу болған қандай жақсы. Бақыт тілеймін. 57 жастағы мұғалім орнын тауып, өзінен он жас азаматпен қол ұстасты", - деп жазды ол парақшасында.
Желі қолданушылары махаббат иелеріне бақыт тіледі.
"Бағыңыз жансын! Ұзақ ғұмыр тілеймін", "Жұптарыңыз жазылмасын, бірге қартайыңыздар", деп жазды көпшілік.
"Осындай жаста да беташар жасай ма?", - деп таңғалғандар да бар.
Пікір қалдыру