» » Оралдық зейнеткер танысының мәйітімен 4 күн бірге тұрған

Оралдық зейнеткер танысының мәйітімен 4 күн бірге тұрған

  Орал қаласындағы үйлерді тазалаумен айналысатын мекеменің басшысы Аман Калимовтың айтуынша, фирманың қызметкерлері 77 жастағы қарт әжей Людмила Кирильчева тұратын үйді тазалауға келген. Алайда үйге келген олар шіріп жатқан мәйітті тауып абдырап қалады.  «Бірнеше күн бұрын бізге әжейдің қызы хабарласып, өзінің Мәскеуде тұратынын айтып, анасының үйін тазалауға тапсырыс берді. Бірақ біздің қызметтің бағасын естігенде бас тартады. Телефонмен болған әңгімеде қызы анасының Мәскеуге көшкісі келмейтінін ескеріп кеткен болатын. Көршілерінің айтуынша кейуананың жақын тұратын ешкімі қалмапты, ал оның үйінде мәйіті табылған әйел әжейдің халін біліп жүрген жалғыз адам көрінеді. Қарияға көмек қолын созатын ешкім жоқ болған соң, біз бұл жұмысты қайырымдылық ретінде атқаруды жөн көрдік», - дейді Аман Калимов.  Ұйым  басшының сөзінше, олар үйдегі жиһаздарды шығарып, жердегі еденді ауыстырып, қарт әжейді жуындырып, шашын кесіп, үйін дезинфекциядан өткізген соң алып келетінін айтып отыр. Сонымен қатар ол қайтыс юолып кеткен әйел мәйітінің қалдықтары мен иісі үй мен жиһаздарға сіңіп қалған.   «Үйдің іші мәйіт ісі сасып тұр. Әрбір бөлмеде қоқыс, зең саңырауқұлақтары. Оған қоса шыбындар, құрттар үйде қаптап жүр. Зиянкес тарақандар мен басқа да жәндіктер тағы бар. Қарт әжей бұл үйде бір аптадан көп уақыт бойы тұрып келген. Көршілердің айтуынша, мәйітті арнайы пакетте емес, шүберекке орып шығарған, ал мәйіттен бесінші қабаттан бірінші қабатқа сұйықтық ағып, оның иісі қалып қойған» - деді мекеме басшысы.  Көршілері өздерінің үйіне зиянкестер кіріп кетеді деп қорқып отыр. Ал иістен сақтану үшін олар есіктің астындағы ашық жерлерді хлорға матырылған матамен жабады екен. Алайда бұның өзі иісті өткізбейді деген сөз емес. Зейнеткер Людмила Кирильчеваның айтуынша, оның ешқай жері сыр бермепті, егде жасында өзін жақсы сезінеді екен. Бірақ көп нәрсені тез ұмытып қалатын көрінеді.  Ал Батыс Қазақстан облысының полиция департаментігінің хабарлауынша әжей өзін-өзі жақсы ұстап, еш агрессия көрсетгені үшін сол күні үйіне қайтарылыпты.
08 қараша 2019 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031