Алары мол шара
Үстіміздегі жылдың 23 тамыз күні Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округінде орналасқан «Қамбаш» жазғы тынығу лагері ғимаратында «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Азаматтардың бастамаларын қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тұлға тану» атты Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовпен жастардың кездесуі өтті. Шара барысында Қызылорда облысы аудандары бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшылары мен кеңесшілері, жастар ұйымдарының өкілдері, ерікті жастардың қатысуымен еркін форматта кездесу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, шара аясында жастар облыс әкімінің еңбек жолымен танысып, жігерленіп, еркін пікір алмасып, тың идеяларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды. Шара соңында облыс әкімімен естелікке түсіп тарқасты.
«Азаматтардың бастамаларын қолдау қоры»
қоғамдық қорының баспасөз орталығы