Жақаев ізбасарлары
Үстіміздегі жылдың 16-22 қыркүйек күндері аралығында Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Ақжарма ауылдық округінде «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Азаматтардың бастамаларын қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жақаев ізбасарлары» атты жастардың еңбек лагері ұйымдастырылды.
Шара барысында жастарға ауылдың өмірі, күріш алқабының жұмысы, завод, дирмен басындағы күріштің ақтауы, күріштікке қатысты техникалармен танысып, трактор техникасын айдау, балық аулау, атқа міну, самаурын қайнату, футбол ойнау т.б. түрлі форматта шаралар ұйымдастырылды. Күнделікті жастар ауылдың тіршілігімен етене араласып, жұмысшы топпен тәжірбие алмасып, күріш алқабының техник – технологтарынан қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының мамандарынан түрлі бағытта мәліметтер алды. Экспорт пен сауда айналымдағы күріштерді өз қолдарымен қаптап, жинап, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жәрмеңкеге ауыл шаруашылық өнімдерін жіберуге себепкер болды. Шара барысында Қызылорда қаласында жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарының студентті, орта арнаулы мектеп оқушылары, пробация есебінде тұрған жастар өкілдері қатыстырылды.
Шара соңында жастарға естелікке таратпа материялдар таратылып, арнайы сертификаттар табысталды.
«Азаматтардың бастамаларын қолдау қоры»
қоғамдық қорының баспасөз орталығы