» » Менің туым – менің Отаным

Менің туым – менің Отаным

   Балалық шағымызда мектеп қабырғасында алғаш рет Қазақстан Республикасының рәміздері туралы ақпарат алған болатынбыз. Мемлекеттік тудың авторы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков екенін жатқа айтып беретінбіз. Қазақстанның XXI ғасырдағы тарихи дамуының алуан түрлі оқиғаларға бай болғанын айта кету керек. Сондай маңызды, халықтың назарын аудартқан оқиғалар аясында мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы орны қосымша рөлге ауысқандай. Тек бір саяси іс-шараларда, арнайы ашық сабақтарда немесе спорттық жарыстарда ғана бой көтеріп тұрады. Қазақстан жастары үшін мемлекеттік тудың маңыздылығы патриоттық сезімін арттыру үшін әрдайым қажет.
Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері Алматы қаласында 13-қазан күні болған тарихи сәттің куәсі болдық. «Медеу» спорт кешенінде мемлекеттік ту көтерудің салтанатты рәсімі өтті. Бұл ҚазҰУ жастары үшін рухани жаңғыру аясындағы шаралардың ішінде патриоттық рухты оятушы оқиға болды. Ту көтеру салтанатының ерекшелігі – бұл ту өлшемдері бойынша Қазақстандағы ең ірі рәміздер қатарына, солардың бірі болып орнатылды. Тудың ұзындығы – 14 метр, ал ені – 7 метр. ҚазҰУ студенттері Алматы қаласының ұлылығын тағы бір мәрте түсінгендей, осы қалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланып, алғаш Конституция, мемлекеттік рәміздер қабылданған және тұңғыш елбасы сайланған еді. Аталған салтанатты рәсім ірі масштабты патриоттық іс-шаралардың бастауы болатынына сенімдіміз.

Тұрсынбай Ғ.Б.,
Нурмуханова А.З. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының 1 курс магистранты
13 қараша 2019 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930