"Өзі оңашада тиісіп жүреді": Мадина Сәдуақасоваға тиісіп жүрген кім?
Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова өнер саласында өзінің "қыр соңына түсіп алған" әнші туралы бар шындықты айтты. Эстрада жұлдызы дәл сол әріптесімен қарым-қатынасы дұрысталмай-ақ қойғанын жеткізді деп жазды "Айта берсін" бағдарламасы.
Сәдуақасова аталмыш әншімен ашылып сөйлескісі келгенімен, оның сырласуға зауқы жоқ болып шықты.
"Менің негізі көптеген өнер адамдарымен 99,9%, үлкені болсын, кішісі болсы жалпы барлығымен қарым-қатынасым өте жақсы.
Тек қана бір әнші бар. Ол неге екенін білмеймін. Өзі тиісіп, бірдеңе жазып жүреді. Немесе айтып қалады.
Есіме түсті. Осыдан он бес жыл бұрын ол кісі маған "Мадина екеуміз халық алдында ұрысып қалғандай болайықшы" дегені бар. Мен өзім ұрыс-керіс пен түсініспеушіліктен аулақпын. Мен басынан шешіп алғанды жақсы көремін.
Кейде болады түсініспеушіліктер. Өмір ғой, түрлі-түрлі мінездер, сахна, эмоция. Біз эмоцияның адамдарымыз. Сондықтан басынан шешіп алғаннан кейін артынан дос болып кетеміз.
Ал осы әншімен бір-бірімізге деген қарама-қайшылық бар. Неге екенін білмеймін. Оның есімін айтпай-ақ қояйын. Мен ол кісімен сөйлесуге қадам аттасам, ол жабық. Мүмкін оған ұнайтын шығар" , - деді өнер иесі.
Оған қоса, Мадина Алматыға алғаш келген кезінде дәл сол әнші өзіне өте қатты көмектесіп, қолдау білдіргенін айтты.
"Біз негізі өте жақсы сыйласқанбыз. Ол кісі маған кезінде өте жақсы көмектескен. Мен де оның ешқандай қуанышынан қалмағанмын.
Мен ол кісінің жанын түсінемін. Менің көмекшім оған масқара жазып қойыпты. "Сіз бұл кісінің ісіне қатты ашуланып жатсаңыз, мен блогқа қоя салайын сізді" деп жазыпты.
Мен ол кісіге ренжіп не істеймін? Ол өзіне сондай образ жасап алған сияқты. Қолы өте ашық адам. Мен Алматыға алғаш келген кезде ол мені өзінің үйіне тіркеді.
Бұл жақсылығын ешқашан ұмытпаймын. Менің татуажымды да жасатқан сол кісі" , - деп ағынан жарылды Мадина.