» » Қоғамдық кеңес – өзекті мәселелерді талқылау алаңы

Қоғамдық кеңес – өзекті мәселелерді талқылау алаңы

   Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды  дамыту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж 15 қараша күні  сағат  10.00 де Жалағаш аудандық мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен «Қоғамдық кеңес – өзекті мәселелерді талқылау алаңы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Шараға үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері мен тұрғындары қатысты. Шара барысында қоғамдық кеңестің атқарылып жатқан жұмыстары жайында сөз қозғалып, еркін форматта әңгімелесті. Сонымен қатар 15 қараша күні сағат 10.00 де Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Нұрлан Көбегенұлы «Қоғамдық кеңестің рөлі» атты  тақырыбында «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында   жастармен кездесу өткізді. Қоғамдық кеңестің атқарылып жатқан жұмыстары жайында сөз қозғалып еркін форматта әңгімелесті. Қоғамдық кеңестің рөлі, мақсаты мен мүддесі туралы, "Ауылға" баратын жастардың мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша, облыстық қоғамдық кеңесте көтеріп жатқан мәселелер туралы айтып жастармен сұхбаттасты.
15 қараша 2019 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031