» » Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге көрсетіледі?

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге көрсетіледі?

  Отбасы − қоғамның ірге тасы. Әрбір шаңырақтың беріктігі − мемлекет тұтастығының кепілі. Әлеуметтің әлеуеті артып, өмір сүру сапасы жақсарды ма? Атаулы әлеуметтік көмек алатын аналардың бірі «тұрмыс жағдайының түзелгенін» айтса, енді бірі «берілетін қаржыны азайтып тастады» деп наразы. 2020 жылы елімізде "Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы" заңға өзгерістер енгізілмек. Заң жобасы қабылданған жағдайда еліміздегі барлық көпбалалы анаға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
         Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша,
"атаулы көмек алатын балалардың 60 пайыздан астамы – көпбалалы отбасынан шыққандар. Сондықтан ведомство балаларға отбасының табысына қарамастан, бөлек жәрдемақы төлеуді ұсынып отыр. Осыған байланысты атаулы әлеуметтік көмекті көпбалалы отбасы құрамындағы балаларға отбасы табысына қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыруды ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыру жолы болар еді. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған АЕК-ке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылады", - деді Нұрымбетов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға ғана тағайындалуы тиіс. Осыған байланысты министрлік келесі негізгі тетіктерді ұсынады.
         "Біріншіден, әлеуметтік көмектің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару, шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау. Бұл бір жағынан көмек алушылардың өз табысын жасыру жағдайын барынша төмендететін болады. Екінші жағынан, көмек тағайындау тәртібі әділ болады. Себебі отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп жатады. Яғни, АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін", - деді министр.
         «Екіншіден, барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек орта табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленеді.
"Үшіншіден, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшесі атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады", - деді ол.
         Нұрымбетов бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығы берілетінін атап өтті. Заң жобасы парламент депутаттарының қолдауына ие болса, жаңа өзгерістер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Гүлбану МАҚАЖАН
20 қараша 2019 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031