» » ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

   Қазақстан футбол федерациясы жылдың үздіктерін анықтады. Алғаш рет ұйымдастырылған шара  елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Марапат иелеріне  KFF Awards 2019 сыйлығы табысталды.
Марапаттау рәсіміне ерлер және әйелдер, жағажай футболы мен футзалдың үздіктері қатысты. Сонымен қатар шараны футбол ардагерлері, БАҚ өкілдері, шоу-бизнес, телеарна, кино мен отандық эстрада жұлдыздары тамашалды. Жеңімпаз әр клубтың бапкері, жетекшісі және капитанының дауысы арқылы анықталды.
– Мұндай конкурсты әр түрлі номинациялар бойынша алғаш рет ұйымдастырдық. Алдағы уақытта жиынды жетілдіріп, жаңа технологияларды қолданатын боламыз. Бұл іс-шара бірінші кезекте футбол саласында жұмыс істеп жүргендерге қажет. Бапкерлер мен ойыншылар жиналып, әлемнің түкпір-түкпірінде миллиардтаған жандардың көз тігіп отырған спортынан жаңа әсер алады. ФИФА-ның жаңа лоузингі "Футбол әлемді біріктіреді" деп аталады. Өзге ешқандай спорт түрінде ФИФА мен УЕФА секілді ұйым жоқ. Миллиондаған адамдардың басын қосып, ірі жүйе құрып отыр. Соның арқасында қаншама адам кәсіби және әуесқой футболмен айналысып жүр. Оның сыртында экраннан қарайтындар бар. Бірде-бір концерт немесе шоу футболдағы әлем чемпионаты, Еуропа секілді көрермен жинаған емес. Бұл ойын әлемді біріктіріеді, біз соның бір бөлшегіміз, – деді ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков.
Отандық футболдағы жыл үздіктері төмендегідей:
Қыздар футболы
Үздік сұрмерген – Адиля Вылданова ("БИІК-Қазығұрт", 26 гол),
Үздік бапкер – Калоян Петков ("БИІК-Қазығұрт"),
Үздік ойыншы – Адиля Вылданова ("БИІК-Қазығұрт").
Жағажай футболы
Үздік сұрмерген – Баянбек Муралинов ("Арман", 17 гол),
Үздік бапкер – Болат Аленов ("Арман"),
Үздік қақпашы – Виктор Чорный ("Арман").
Футзал
Үздік сұрмерген – Эвертон ("Жетісу", 33 гол),
Үздік бапкер – Рикардо Кака ("Қайрат"),
Үздік ойыншы – Қайрат Иманалин ("Ақтөбе").
Екінші лига
Үздік сұрмергендер – Матвей Герасимов ("Шахтер Ж") және Арсен Елемесов (СДЮШОР №8) – 17 голдан,
Үздік бапкер – Фархадбек Ирисметов ("Қыран Ж"),
Үздік ойыншы – Матвей Герасимов ("Шахтер Ж").
Бірінші лига
Үздік сұрмерген – Айдос Тәттібаев ("Каспий", 19 гол),
Үздік бапкер – Әли Әлиев ("Қызыл-Жар СК"),
Үздік ойыншы – Айдос Тәттібаев ("Каспий").
Премьер-лига
Үздік қақпашы – Дмитрий Непогодов ("Ордабасы"),
Үздік қорғаушы – Дмитрий Шомко ("Астана"),
Үздік жартылай қорғаушы – Бауыржан Исламхан ("Қайрат"),
Үздік шабуылшы – Абат Айымбетов ("Ақтөбе"),
Үздік сұрмергендер – Адеринсола Эсеола ("Қайрат") және Марин Томасов ("Астана") – 19 голдан,
Үздік ойыншы – Марин Томасов ("Астана"),
Үздік бапкер – Стойчо Младенов ("Қайсар").
Маусымның үздік голы – Тоқтар Жаңғылышбайдың ("Ордабасы") "Астана" қақпасына соққан голы.
Қазақстан ұлттық құрамасының үздік ойыншысы – Бауыржан Исламхан.
18 қараша 2019 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031