» » Қарызға баспана ала алмаған қай өңір?

Қарызға баспана ала алмаған қай өңір?

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын аясында 2019 жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша ипотекалық қарыз алуға 240,1 млрд теңге сомасына 21 205 өтінім қабылданғанын мәлімдеді. Нәтижесінде 142,7 млрд теңге сомасына қарыз беруге 12 442 өтінім мақұлданған. 
Банк жасаған кестеден аңғарғанымыз екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекамен үй алуға ең көп өтініш бергендер Нұр-Сұлтан қаласында 3 903 адам. 718 ақтөбелік отбасы жаңа қонысқа көшкен. Екінші орында Ақмола облысынан 507 отбасының өтініші мақұлданған.  Ал Қызылорда облысында бұл бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің ішінде 103 отбасы ғана жаңа баспанаға қоныстанбақ. Ең төменгі орында Түркістан облысы ешкімнің несиесі мақұлданбаған. Кестеден аңғарғанымыздай, кейбір қалаларда өтініш берушілер саны көп, алайда түрлі себеппен мемлекеттік бағдарламаға қатысуға жазған өтініштері мақұлданбаған. Бұл бағдарлама шарты бойынша тек жаңадан салынған үйді алуға болады. Өтініш білдірушілердің аз болуына кейбір аймақтарда жаңа баспананың талапқа сай салынбауы да себеп болуы мүмкін. Азаматтардың қаржылық жағдайының төмендігі де әсер етуі бек мүмкін.
 "«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында http://www.baspana72025.kz/kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз", делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Гүлбану МАҚАЖАН
20 қараша 2019 ж. 752 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930