Жандос Базартай ғылым докторы атанды
Бүгін Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан сүйінші хабар жетті. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор міндетін атқарушы Жандос Нұртайұлы Базартай Доктор DBA докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Академия түлегі қатырма қағазын қолға алды. Жандос Базартай Ресей Федерациясының Президенті жанындағы халықтық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясына 2015 жылы түскен. Ол – университет тарихында алғашқы іскерлік әкімшіліктендіру докторы атанып отыр. Айта кету керек, Жандос Нұртайұлы студент кезінен қоғамдық іске белсенді қатысып, Қызылорда облысында алғаш құрылған жастар басқармасына басшылық еткен білікті де белсенді азамат. Бүгінде өзі білім алған қасиетті қара шаңырақ Қорқыт ата университетінде еңбек етіп жүр.
Жерлесімізді ғылымдағы бағындырған тағы бір кезекті биігіменқұттықтаймыз!
"Ақмешіт жастары" газетінің ұжымы