» » Облыс әкімінің құттықтауы

Облыс әкімінің құттықтауы

 
Құрметті қызылордалықтар!
Сіздерді Алашқа ана, талайға пана болған қасиетті Сыр елінің байырғы басылымдарының 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Ұлттық рух жаршысына айналған, елдің рухани-мәдени әлеуетінің дамуына және әлеуметтік-экономикалық дамуын ақпараттандыруға зор үлес қосып, ұлт руханиятының өркендеуіне қызмет етіп жүрген аға басылымдарға  – «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттерінің жарық көргеніне – 90 жыл.  
Ғасырға жуық тарихы бар басылымдар елдің сөзін сөйлеп, атқарушы билік пен халық арасында дәнекер болып, талай майталман қаламгерлер, ақын-жазушылар, белгілі журналистердің еңбек еткен қара шаңырағына айналды.
Сыр елінің сенімді рухани серігіне айналған қос басылымдарда қаламы қарымды ел ағаларының сара жолы жатыр. Қос газет 90 жылдың ішінде адамның санасына зерделі ой, өнегелі тәрбие қалыптастырып, өз оқырмандарына рухани азық бере білді. Сондықтан, «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттері ақпарат ағыны толас таппайтын заманда бәсекелестіктің бәсін жеңіп, өзінің сындарлы қалпын сақтап, биік белестерден көріне беретініне сенеміз.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» аға басылымдарының айтулы мерейтойымен тағы да құттықтаймын! 
Қос басылым ұжымының мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттауда, ұрпақты еңбекке, шығармашылыққа баулуда өлшеусіз еңбегіне сәттілік, береке-бірлік тілеймін! 
Сыр елінің ақпарат ағынындағы «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» басылымдарының 90 жылдық мерейтойы – Сыр халқына ортақ той! 
Баршамызға құтты болсын!
Құрметпен,
облыс әкімі
Қуанышбек ЫСҚАҚОВ.
28 қараша 2019 ж. 1 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031