» » Айжарық Сәдібекұлы – 80 жаста

Айжарық Сәдібекұлы – 80 жаста

  Биыл Арал ауданының Құрметті азаматы Айжарық Сәдібекұлы 80 жылдығын атап өтуде. Облыс әкімі Қ.Көшербаев мерейтой иесін құттықтап, аймақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін атап өтті.
«Қаламы қарымды, ойы алымды, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы, өшпестей ізі бар Айжарық Сәдібекұлы ағамыз биыл мерейлі 80 жасқа келіп отыр. Еңбек жолын облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінен бастаған Айжарық Сәдібекұлы саналы ғұмырын журналистикаға арнады. Республикалық «Сұхбат» және халықаралық «Түркістан» саяси газеттерінің Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметтерін абыроймен атқарды. Сіздің тәжірибеңіз, ақыл-кеңесіңіз қазіргі жастар үшін аса қымбат», – деді аймақ басшысы.
Сыр елінің мәдени-рухани дамуына қосқан ерекше үлесі үшін А.Сәдібекұлына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
16 мамыр 2019 ж. 819 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031