» » Тұтынушы құқығын біле ме?

Тұтынушы құқығын біле ме?

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Тұтынушылар құқығын қорғау» әлеуметтік жобасы қызметін жүзеге асыру аясында “Fulcrum Foundation” азаматтық бастамаларды қолдау қоғамдық қорының ұйымдастырумен Жастар ресурстық орталығында “Тұтынушылардың құқығын қорғау аспектілері” атты дөңгелек үстел өтті.Кездесу барысын жоба жетекшісі Сәрсенбай Ұлмекен кіріспе сөзбен бастап, тұтынушылар білуге тиіс ақпараттармен бөлісіп, жадынамалар таратты. Аталған дөңгелек үстелге жоба ұйымдастырушылары тарапынан «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары Жағыппарова Тұрсын Бәткенқызы шақырылды. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына түсіндірме» атты баяндама жасады және қатысушыларға маңызды ақпараттарды назарға сала отырып, әрбір тұтынушы өз құқығын қорғауға құқылы екенін сөз етті. Қатысушылар шара соңында өмірлік тәжірибесіндегі әртүрлі сұрақтар бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Қатысушыларға тұтынушылардың құқығы бұзылған уақытта хабарласуға болатын жедел желілер, әлеуметтеттік парақша мен сайт таныстырылды.

16 қараша 2019 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031