» » Қоғамдық кеңестің – рөлі

Қоғамдық кеңестің – рөлі

   Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды  дамыту» жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж 19 қараша күні  сағат  11.00 де Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің мәжіліс залында «Қоғамдық кеңестің – рөлі» тақырыбында кездесу өтті. Хабарламашы Умирсериков Ерулан қоғамдық кеңестің рөлі, мақсаты мен мүддесі туралы, "Ауылға" баратын жастардың мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша, облыстық қоғамдық кеңесте көтеріп жатқан мәселелер туралы айтып жастармен сұхбаттасты және сағат  12.00 деИ.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агро-техникалық жоғарғы колледжінің мәжіліс залында «Қоғамдық кеңес – өзекті мәселелерді талқылау алаңы» тақырыбындағы  дөңгелек үстел өтті. Шараға үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңестің мүшелері, студенттер мен оқытушылар қатысты. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, журналист Нұрлан Көбегенұлы жастармен тығыз байланыста жұмыс жасау керектігін айтты. Шара соңында жастардың сұрақтарына нақты жауап берді.
19 қараша 2019 ж. 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930