» » Туған жерім тірегім

Туған жерім тірегім

«Бес ғасыр жырлайдыдан» бастап, алдыңғы ғасырдың Шәмші Қалдаяқов әуез қосқан әндерінде де туған жер тақырыбы кең тарқатылады. Отан тақырыбы әскердің, халықаралық қатынастардың да, кеден ісінің, бала тәрбиесінің де, ғылыми жетістіктердің, спорттағы жеңістердің де өзегінде қозғалады.Қазтуған жырау "Қайран да менің Еділім» деп қалайша жырламасын, Сүйінбай мен Жамбылдар Жетісуді неліктен жырға қоспасын?! Жазба әдебиетінің өкілдері де адамзаттың қазығын сан түрлі сөз бедерімен жеткізді: Тұрсынбек Кәкішовше ол «Жасампаз өлке», Жүніс Сахиевше – «Тіршілік ұясы», Аманжол Шамкеновше – «Жайлау-дастан», Жұбан Молдағалиевше – «Қыран дала».
Туған жер турасынан туындайтын сауал жетерлік. Туған жеріне аңыз негізінде байланатын халықтар бұған мысал бола алады. Дегенмен көзі ашық, көкірегі ояу қазақ жұрты бұл мәселеге келгенде прагматизм танытып, туған жерге аңызбен табысталған мекеннен гөрі мекен-жай деп қарауға тырысады.
Мифтік негізде байланыс әлсіз болса да, салт-дәстүрді ұстануды жою мүмкін емес. Туған жерінде «қара шаңырақ» ретінде қалып жататын отбасылар жетерлік. Мұнда рушылдық та, жайлау, атамекен мәселесі алға тартылады.
Отырықшылық пен көшпеліліктің, дала мен қала бөлінісінің ара-жігінде қалыптасқан ұлттық сана үшін «туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» болып тұрады. Қалаға көшкенінен ширек ғасыр өткеніне қарамастан ауылын аңсап тұратын болмыс та содан қалған. Ауылдың калиткасын қаланың домофонына ауыстырған талай табысты үшін де ауылдың исі әлі ерекше болатыны содан.
Туған жерге арналған сүйіспеншіліктің алғышарты әркімде әртүрлі. Менің туған Түркістаныма құлшынысымның қайнар көзін оятқан әкем. Оның жерге, мекенге деген ерекше ілтипаты жердің топырағын қопсытып, бау-бақшаны жайнатып жіберетін қабілетінде еді. Осы өлкенің мөлдір бұлағы, көгілдір аспаны, жазира даласы, алтын күні де әкенің өсиетімен астасып жадыда жатталды. Осы күндері «түркі әлемінің бесігі – Түркістанның» облыс орталығына айналып, тынысы кеңеюі, әрине, санаға мерейлі шаттықты ұялатуда.
«Туған жерім» деп азамат ретінде туылып, жетілген жеріңе жармасқан орынсыз шығар. Себебі бүгінде Қазақстанның әр аймағы, елді-мекені 130-ға жуық ұлт пен ұлыстың, «Серпін» сияқты бағдарламалардың арқасында ішкі миграция аясында көшіп-қонып жүргендердің, сондай-ақ сан сақтан елге оралған қандастарымыздың тұрғылықты жері болып келеді. Осы орайда жерді «рухани бесікке» теңеп, «Рухани жаңғыру» атты идеологиялық жұрнағымызды алға тартып, «туған жерім» ұғымын «туған елім» ұғымына айналдырған жөн. Сондықтан жүрегінде отансүйгіштік өмір сүретін, Қазақстанның кез-келген жеріне туған елім деп қарайтын әрбір адам туған жерінің тірегі бола алады.

Шиелі ауданының әділет
басқармасының басшысы
С.Ибраев Қазақстан Заңгерлер
одағының мүшесі
Қызылорда облысы



Қазтуған жырау "Қайран да менің Еділім» деп қалайша жырламасын, Сүйінбай мен Жамбылдар Жетісуді неліктен жырға қоспасын?! Жазба әдебиетінің өкілдері де адамзаттың қазығын сан түрлі сөз бедерімен жеткізді: Тұрсынбек Кәкішовше ол «Жасампаз өлке», Жүніс Сахиевше – «Тіршілік ұясы», Аманжол Шамкеновше – «Жайлау-дастан», Жұбан Молдағалиевше – «Қыран дала».
Туған жер турасынан туындайтын сауал жетерлік. Туған жеріне аңыз негізінде байланатын халықтар бұған мысал бола алады. Дегенмен көзі ашық, көкірегі ояу қазақ жұрты бұл мәселеге келгенде прагматизм танытып, туған жерге аңызбен табысталған мекеннен гөрі мекен-жай деп қарауға тырысады.
Мифтік негізде байланыс әлсіз болса да, салт-дәстүрді ұстануды жою мүмкін емес. Туған жерінде «қара шаңырақ» ретінде қалып жататын отбасылар жетерлік. Мұнда рушылдық та, жайлау, атамекен мәселесі алға тартылады.
Отырықшылық пен көшпеліліктің, дала мен қала бөлінісінің ара-жігінде қалыптасқан ұлттық сана үшін «туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» болып тұрады. Қалаға көшкенінен ширек ғасыр өткеніне қарамастан ауылын аңсап тұратын болмыс та содан қалған. Ауылдың калиткасын қаланың домофонына ауыстырған талай табысты үшін де ауылдың исі әлі ерекше болатыны содан.
Туған жерге арналған сүйіспеншіліктің алғышарты әркімде әртүрлі. Менің туған Түркістаныма құлшынысымның қайнар көзін оятқан әкем. Оның жерге, мекенге деген ерекше ілтипаты жердің топырағын қопсытып, бау-бақшаны жайнатып жіберетін қабілетінде еді. Осы өлкенің мөлдір бұлағы, көгілдір аспаны, жазира даласы, алтын күні де әкенің өсиетімен астасып жадыда жатталды. Осы күндері «түркі әлемінің бесігі – Түркістанның» облыс орталығына айналып, тынысы кеңеюі, әрине, санаға мерейлі шаттықты ұялатуда.
«Туған жерім» деп азамат ретінде туылып, жетілген жеріңе жармасқан орынсыз шығар. Себебі бүгінде Қазақстанның әр аймағы, елді-мекені 130-ға жуық ұлт пен ұлыстың, «Серпін» сияқты бағдарламалардың арқасында ішкі миграция аясында көшіп-қонып жүргендердің, сондай-ақ сан сақтан елге оралған қандастарымыздың тұрғылықты жері болып келеді. Осы орайда жерді «рухани бесікке» теңеп, «Рухани жаңғыру» атты идеологиялық жұрнағымызды алға тартып, «туған жерім» ұғымын «туған елім» ұғымына айналдырған жөн. Сондықтан жүрегінде отансүйгіштік өмір сүретін, Қазақстанның кез-келген жеріне туған елім деп қарайтын әрбір адам туған жерінің тірегі бола алады.

Шиелі ауданының әділет
басқармасының басшысы
С.Ибраев Қазақстан Заңгерлер
одағының мүшесі
Қызылорда облысы



29 қараша 2019 ж. 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031