» » Тауар таңбалары тексеру тетігі

Тауар таңбалары тексеру тетігі

ҚР Әдiлет органдарының мiндеттерiнің бірі зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Әлем елдерінің экономикасында зияткерлік меншік үлкен роль алады. Автор немесе құқық иеленуші ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің ресми тізілімінде туындаған құқықты тіркеуді жүзеге асыруға құқылы.
Өз тауарыңызды немесе қызметіңізді теке ғана бір тәсілмен ерекшелендіре аласыз – ол өзіңіздің өнімізге жекешелік қасиеттін беру. Осы жерде тауар сапасы және өндірушісі туралы ақпаратты бейнелейтін тауар таңбасы зор роль атқарады. Тауар таңбаларына құқық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап туындайды.
Тауар Белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін Тауар Белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге Тауар Белгісінің иесі (лицензиар) Тауар Белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін.
Тауар Белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған Тауар Белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша R әрпімен – таңбаланады. Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады.
Қазір еліміздің нарығында өзгелердің меншіктері саналатын тауарлардың жасалған көшірмелері баршылық. Бұдан зияткерлік меншіктің құқығы бұзылып, төленбеген салықтар, адам өміріне төнетін әр түрлі зиянды жасалымдар арқылы мемлекетке үлкен зиян келтіруде.
Сол себептен бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.
Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады. («Әділет органдары туралы» ҚР Заңы 22-1 бабы).
Тауар таңбасы заңсыз пайдалану себебінен тексеру өткізу туралы арыз түскен кезде «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына және ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкестігене қарастыру қажет.
Жоспардан тыс тексеруге құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіздер болып табылады. (ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 144б.3т.3т.т)
Тексеруді мемлекеттік орган тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді. (ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 145б.1т.)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал ҚР ӘҚБтК көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын уәкілетті органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері немесе көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің есепке алыну жері бойынша бойынша қаралуы мүмкін. (ҚР ӘҚБтК 812б.)
Қызылорда облысы Әділет департаментіне зияткерлік меншік саласы бойынша 2019 жылдың 10 айында орын алған құқық бұзушылықтар туралы заңды тұлғалардан 6 өтініштер түсіп, жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 4 - жеке кәсіпкердің жұмыстарынан құқық бұзушылықтар анықталмады, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158 бабы, яғни бөтеннің тауар белгісін заңсыз пайдалану бойынша 2- құқық бұзушылықтар (1-жеке кәсіпкер,1-ЖШС) анықталып, құқық бұзушыларға 88375 теңге айыппұлдар салынды, айналымнан заңсыз 99 дана 309100 теңгенің контрафактілік өнімдері алынды.


Ш.Бегежанова
Қызылорда облысы Әділет департаментінің
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы,
Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі






28 қараша 2019 ж. 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031