» » Қазақтан екінші Димаш шықты

Қазақтан екінші Димаш шықты

  Қызылордалық қос өнерпаз Чехиядан жеңіспен оралды. «Diamond voice» халықаралық конкурсында 12 жасар Дінмұхамед Төлеубай «Бриллиант дауысты әнші» атанып, Сыр абыройын асқақтатса, Арайлым Берік бірінші орынды еншіледі.
         Чехияның Прага қаласында өткен ән байқауына Сыр өңірінен екі өнерпаз қатысты. 8 бен 12 жас арасындағы қатысушылар арасында Дінмұхамед Төлеубайдың бағы жанды. Сырдың Димашы классикалық шығармаларды орындап, қазылардың жоғары бағасына ие болды. Сөйтіп, біздің Дінмұхаммед «Бриллиант дауысты әнші» атанды.
         Ал 16 жастағы Арайлым Берік эстрада жанрындағы шығармаларды орындады. Ол 35 жасқа дейінгілер арасында бақ сынағанына қарамастан жүлделі бірінші орынды иеленді. Айта кетейік, қос қызылордалық өнерпаз Чехияда өткен «Созвездие добра» халықаралық ән байқауына да қатысып, екеуі де Гран-при иегері атанды. Қос өнерпаздың ұстазы  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі − Қаракөз Ақдәулетова.
         Ақжолтай хабарды сүйіншілей отырып, жас таланттардың өнер кемесі өрге жүзе берсін деп тілек қосамыз.
Гүлбану МАҚАЖАН
05 желтоқсан 2019 ж. 1 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031