» » ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

  Индонезияның Соло қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында Сыр спортшылары 2 алтын, 1 қола медаль иеленді. Жерлесіміз Әсел Серікбай осы сайыста Азия чемпионы атанды.
Классика бойынша сынға түскен Əсел Серікбай Азия чемпионы атанып, халықаралық ФИДЕ шеберін орындады. Ал Назерке Нұрғали блицтен алтын алса, рапидтен қола жүлдені еншіледі. Байрақты бәсекеге Сұлтан Аманжол да қатысып, шеберлігін шыңдады. Айта кетейік, Қазақстанның атынан қызылордалық шахматшылар ғана өнер көрсетіп, ел қоржынына 3 медаль салды. Биыл қазанда Үндістанда өтетін Əлем чемпионатына жастар арасында Əсел Серікбай мен Назерке Нұрғали қатысса, жасөспірімдер арасында Сұлтан Аманжол бақ сынайды.
19 шілде 2019 ж. 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930