» » Тұрғындарға кеңес берілді

Тұрғындарға кеңес берілді

   Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесе азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы, қалалық кірістер басқармасы басшылары азматтардың жеке сауалдарына жауап беріп, тұрғындарға консультациялық кеңес берді.
Шараның басты мақсаты – ашықтық, жариялылық принциптері негізінде елмен етене жұмыс істеу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көліктерді тіркеу, оларды есептен шығару, көлік салығын төлеу және т.б мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері мамандандырылған бөлімде көрсетілетін қызметтер бойынша 8622 азаматқа жүргізуші куәлігі мен 59530 азаматқа техникалық құжат тапсырылған.
Сонымен қатар, шарада Мамандандырылған бөлімнің мамандары азаматтардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «egov.kz» электронды үкімет порталы  арқылы онлайн қызметтерді алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
 
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
05 желтоқсан 2019 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930