ДЕПУТАТ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша 2 бөлімінде орналасқан «Халық» бастауыш партия ұйымында «Nur Оtan» партиясының фракция мүшесі, Қызылорда қалалық мәслихат депутаты Ли Илларион Гукхенович қала тұрғындарымен қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары, «Халық» бастауыш партия ұйымының төрайымы Айнұр Шорабекқызы қатысты. Бұл күнгі қоғамдық қабылдауда әр саланың аманатын арқалап келген 50 адамның қозғаған мәселелері тыңдалды. Басқосуда негізінен әлеуметтік сала және баспанамен қамту, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау секілді әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді.
Қабылдауға келген 50-ден аса тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған депутат Илларион Гукхенович айтылған ұсыныстар назарға алынып, мәселелердің заң аясында оң шешімінің табылуына жұмыстар жасалып, тиесілі мекемелерге жеткізілетіндігін айтты.