Әскердегі 1 күн

Мұнтаздай киініп, иықтарына қаруларын асынған жас курсанттар саптан нық қадаммен алға суырылып шығып, бірінен соң бірі Отан алдында өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз орындауға, қиыншылықтарды табандылықпен көтеруге, әскери істі оқып үйренуге ант қабылдады.
Аталмыш шараның ресми бөлімі аяқталған соң, Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары - подполковник Алмат Алмасұлы Жакипов, ант қабылдаған курсанттарды ұмытылмас күндерімен құттықтап, елге адал қызмет ететін офицер болатындарына сенім білдіріп, толағай табыстар тіледі.
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі