РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫН ҚАРАҒАНДЫДА ӨТЕДІ

Жастар саясаты мәселелері басқармасы және облыс әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ «Самғау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген жиынға аймақтан 9 команда қатысып, кермеде тартылу, арқаға жатып денені көтеру, арқан тарту сынды сегіз әскери-қолданбалы спорт түрінен бақ сынады. Сайыс нәтижесінде жалпы командалық есеп бойынша бас жүлдені Шиелі ауданы иеленді. Енді республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны 17-22 маусым аралығында Қарағанды облысындағы Спасск әскери полигонында өтеді. Облыс құрамасын шығарып салу, күтіп алу жұмыстары салтанатты түрде ұйымдастырылатын болады.
Г.НҰРТАЙҚЫЗЫ