» » IELTS-ТЫ ҮЗДІК ТАПСЫРДЫ

IELTS-ТЫ ҮЗДІК ТАПСЫРДЫ

IELTS халықаралық емтиханында қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары  жоғары нәтижеге қол жеткізді. Биыл түлектердің IELTS нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда 6,0-ден 6,3 ұпайға артқан.
Ағылшын тілі деңгейін анықтау барысында жүргізілген сынақ қорытындысы бойынша 101 оқушының екеуі ‒ 8,0 ұпай  жинаса, он бірі – 7,5 және он төрті – 7,0 ұпай жинақтаған. Сондай-ақ Сағдат Құрманаева,  Аида Еңсебаева және Дильназ Еркебұлан жекелей секцияларда ең жоғары 9,0 ұпайды еншіледі.
Айта кетейік,  аталмыш емтиханның оқушылар үшін шет мемлекетте ақысыз білім алуына ықпалы зор. IELTS нәтижесі жоғары болған сайын, түлектердің шетелде  білімін жалғастыруына және жұмысқа сәтті орналасуға мүмкіндігі арта түседі.
09 желтоқсан 2019 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031