U-STUDY
Әлемдік білім жүйесіне сай сауатты болу, тіл үйрену, жан-жақты саланы қамту ‒ жаһандық жүйеге тән басты сипат. Ақпараттың алақұйын дәуірі ұстаздан да, шәкірттен де осы біліктілікті талап етеді. Сол үшін болар, қазір білім саласы бағытындағы жеке оқыту орталығының қарасы көп. Соның бірі ‒ U-STUDY орталығы.
2016 жылы жеке кәсіпкерлік нысан ретінде іргесі қаланған мекеме білім бәсекесіне қабілетті жастарды дайындап, түлектердің оқу грантына қол жеткізуі үшін жұмыс істейді. Үш жыл ішінде мұнда оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. Орталық директоры Әкімбек Мұратұлы оқушылардың Назарбаев зияткерлік мектебі, Білім-инновация лицейінде оқуын жалғастыру үшін дайындалатынын айтты.
‒ Біз мектепке дейінгі дайындық курсынан бастап, ҰБТ-ға арналған сабақтарды да қамтимыз. Мектеп бітіруші түлектер үшін бір айда 64 академиялық сабақ өткізіледі. Ал 8-9 сыныптар үшін математика, логика, ағылшын тілі пәнінен қосымша сабақ жүргізіледі. Сондай-ақ 1-4 сынып оқушылары үшін ағылшын, орыс тілі қамтылған. Орталық бастапқыда жеке кәсіпкерлік мүддесі үшін ашылса да, бізге білім бәрінен маңызды, ‒ дейді ол.
Ең қызығы әріU-STUDY-дың өзге орталықтардан артықшылығы ‒ ҰБТ-дан 140 ұпайды түгел еншілеген оқушыға 1 миллион теңге сыйақы мен мамандық таңдау бойынша бағдар беріледі екен.
Г. Нұртайқызы