» » «Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan ұлттық арнаcынан көрсетіледі

«Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan ұлттық арнаcынан көрсетіледі

   Тәуелсіздік күніне орай «Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan ұлттық арнаcынан көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні сағат 19:00-де режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі алғаш рет Qazaqstan Ұлттық телеарнаcынан көрсетіледі. Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Sataifilm компаниясы бірлесе түсірген. Шығармада біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғалар суреттеледі. Кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады. Естеріңізге сала кетсек, «Томирис» фильмі биыл күзде жалпыұлттық прокатқа шығып, көшбасшылар қатарынан көрінген .
16 желтоқсан 2019 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031