«Томирис» тарихи драмасының алғашқы 2 постері жарияланды

Айта кетейік, Ақан Сатаев сақтардың көшбасшысы - Тұмар ханшайым туралы тарихи фильм түсіріп жатыр. Бұған дейін біз «Қазақфильмде» Тұмар патшайымды таңдау қалай жүріп жатқандығы туралы толық ақпарат берген болатынбыз. Фильм сақ тайпалары патшайым Тұмардың қолбасшылғымен ұлы даланы басып алғысы келген парсы патшасы ІІ Кирге жойқын тойтарыс бергені туралы баяндайды. Кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры айтылады.
Дереккөз: inform.kz