Тимбилдинг – ұйымшылдық ұйытқысы
Әрбір ұжым бәсекеге қабілеттілік пен жоғары деңгейдегі қызметті көрсетуге талпынады. Мұндай табысқа бірлігі жарасқан ұжымдастар ғана жете алатыны сөзсіз. Осы орайда, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне «Тимбилдинг – ұйымшылдық ұйытқысы» атты тренинг өткізілді. Мақсаты – команда мүшелерінің бірлесе шешім қабылдай білуіне, бір-біріне көмек көрсетуіне, бірлесіп жұмыс жасауына ықпал ету.
Шараны ТЖД Кадр саясаты бөлімінің бас маман-психологі азаматтық қорғау майоры А. Тілеуқабылова өткізіп, қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Өткізілген шарада команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді.