» » Ақмола облысында аудандық әкім қаралы күні сауық-сайран құрып, жаңа жыл тойлаған

Ақмола облысында аудандық әкім қаралы күні сауық-сайран құрып, жаңа жыл тойлаған

  Ақмола облысының Ерейментау ауданының тұрғындары өздерінің әкімдерінің қылығына наразы болуда. Айтуларынша, шенеунік өзінің қызметтестерімен бірге мемлекет тарапынан жарияланған қаралы күні сауық-сайран құрып, жаңа жылдық отырыс ұйымдастырыпты. Әлеуметтік желіде Аяз ата мен Ақшақар жергілікті шенеуніктердің көңілдерін көтеріп, тырысып бағып жатқандығы түсірілген видео таралыпты. Жергілікті тұрғындар қызу өтіп жатқан кешті полицейлердің көмегімен тоқтатпақшы болыпты, дегенмен олардың қолдарынан ешнәрсе келмепті. Ең сорақысы, қаралы күні көңіл көтеріп жүргендердің арасында әкім Абай Әлжанов та болған, мейрамханадан аудан басшысын бірнеше адам байқапты. Жұрт Bek Air ұшағының апатынан кейін қайғырып жүрсе, шенеунің бұл жағдайға мырс етпеген көрінеді. 
Мейрамхана жергілікті депутатқа тиесілі екен, ал қара жамылған күні сауық құруға 200-ден астам адам жиналыпты. Олардың көпшілігі шенеуніктер мен олардың жұбайлары болған. Әлжанов болса, жаңа жылдық кешке емес, туысының туған күніне келгендігін айтып ақталыпты. Бірақ мейрамханада көп отырмаған көрінеді, қаралы күнге байланысты, туған күн иесін құттықтап, үйіне қайтып кетіпті. 
Қазіргі таңда аталған іс бойынша комиссия құрылып, тексеріс жұмыстары басталып кеткен. 

08 қаңтар 2020 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031