Түн

  Оқырман сұрақтарына Облыстық Ішкі Істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция майоры Ғалымжан Мұратбекұлы жауап береді.
Сұрақ: Кәмелет жасқа толмаған балалар түнгі рұқсат етілмеген уақытта жалғыз жүруі көп кездесе ма?
Жауап: Сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болу деректері (ҚР ӘҚБтК-нің 442-б 1-б) жыл басынан бері – 111-і анықталса, сондай-ақ, сағат 23:00-ден  06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болған 2 210 кәмелетке толмаған жас анықталды. Олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар көрілді. Бұл дегеніміз кейбір кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары тарапынан балаларының қайда жүргеніне көңіл бөлмейтінін, оларды уақытылы іздемейтінін көрсетеді.
Сұрақ: Кәмелет жасқа толмаған баласын бақылаусыз қалдырған ата-анаға әкімшілік құқық бұзғаны үшін қанша көлемде айыппұл салынады?
Жауап: ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлімі бойынша яғни, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш (7 575 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың 2-бөлімі бойынша, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болса – заңды өкілдеріне ескерту жасалады. Ал, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш (17675 теңге) мөлшерінде  жергілікті жерлердегі сот құзырымен айыппұл салынады.
20 тамыз 2019 ж. 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031