Қарияны құтқарды

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жоғарғы қабат арқылы терезеден үй ішіне еніп, есікті ішінен ашып кіреді. Сол мезетте әжейдің үй ішінде абайсызда құлап, ес-түссіз жатқандығы анықталды. Құтқарушылар науқасқа алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Қазіргі таңда дәрігерлердің анықтауымен әжейдің инсульт алғаны белгілі болды.
Айта кетейік, 90 жастағы қарияны құтқару үшін Жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 мейірбике және 1 бірлік техника жұмылдырылды.