» » Жемістің ішінен тағы да дәрі табылды – видео желіде тарап кетті

Жемістің ішінен тағы да дәрі табылды – видео желіде тарап кетті

  Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мандариннің ішінен дәрі тапты. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. 
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 8 қаңтар күні Тайынша ауданы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Қарағаш ауылының фельдшері қоңырау шалғанын айтты. Ауыл тұрғыны түсірген видео желіде тарап кетті.
"Ауыл тұрғыны жемістің ішінен дәріге ұқсас ақ түсті зат тапты. Бұл факт қылмыстық кодекстің 306-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді", - деді полициядағылар.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеуге тиісті ведомствоның мамандары тартылды, сараптама тағайындалды.
Баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеудің жүргізілуі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен облыстық прокуратура жетекшілігінің бақылауында екенін атап өтті.
Мұндай видеолар бұған дейін де мессенджерлерде тараған болатын. YouTube-те мұндай дәрілер мандариннің ішіне қалай түсуі мүмкін екені туралы да видео түсірілген.



11 қаңтар 2020 ж. 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031