» » Тәуелсіздік еркіндігің, теңдігің

Тәуелсіздік еркіндігің, теңдігің

Қаладағы  Ә.Молдағұлова  атындағы  №173  орта  мектебінде  кітапханашылардың  ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік  еркіндігің,  теңдігің»  тақырыбында  әдеби  патриоттық  сынып  сағаты  өтті.
  Шарада  оқушылардың  Отанын,  туған  жеріне  деген  сүйіспеншілігін  арттыру және  патриоттық  сезімге  тәрбиелеу  мақсатында ұйымдастырылды.   Шарада  Нұрахмет Оразбақов    Қайрат  Рысқұлбековтың  «Ақтық  сөзі»  монологын  тебіренте  әсерлі  оқыды.  Шараға  қатысқан  оқушылар  Закида Шойынбекова,  Аяулым Жасболатқызы, Көркемай Төлеген, Бағжан Құдайберген өлең  шумағын  оқып, ән шырқады.  Сонымен  қатар  «Тәуелсіздік –  елімнің  жарқын  болашағы»  тақырыбында  кітап  көрмесіне  кітапханашы  Қалдыгүл Досымова    библиографиялық  шолу  жасады.  Көрмеге  тәуелсіздікке  арналған  фотосуреттер, кітаптар, дәйек  сөздер қойылды.
21 қаңтар 2020 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031