» » Үздік бестік: Қанат пен Жәнібек

Үздік бестік: Қанат пен Жәнібек

    Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингісін жариялады.
Орта салмақтағы рейтингте WBO International титулының иегері, қазақстандық боксшы Қанат Ислам бесінші сатыдан төртінші орынға көтерілді. Дәл осы салмақта бақ сынайтын тағы бір қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы үздік бестікке кірді. Ол осыған дейін алтыншы орында тұрған.
Ал бұл дивизионның үздіктері – мексикалық Хайме Мунгия, британиялық Лиам Уильямс және ирландиялық Люк Килер. Сондай-ақ WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы АҚШ боксшысы Деметриус Андраде.
Айта кетейік, Қанат Ислам 26 қазанда Алматыда өткен соңғы жекпе-жегінде Уолтер Каутондокваны төрешілердің шешімімен жеңді. Ал Әлімханұлы 10 қараша күні Калифорнияда өткен соңғы жекпе-жегінде канадалық Альберт Онолуносты нокаутпен жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas белдіктерін қорғап қалды.
23 қаңтар 2020 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031