» » Жәнібек Әлімханұлы әлем рейтингінде жоғарылады

Жәнібек Әлімханұлы әлем рейтингінде жоғарылады

  Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) титул үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңгеннен кейін әлем рейтингінде 11 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен демалыста Фреснодағы Chukchansi Park аренасында Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен кездескен. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, бірақ алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға, кейін нокаутқа түсірген.

Осы жеңістен кейін Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 66-орыннан 55-ке жоғарылады.

Осылайша, Әлімханұлы титулын қорғап, сегіз жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтады, оның төртеуі - нокаутпен. Онолуносе болса, 24 рет жеңіп, бір рет тең түсіп, үшінші рет жеңілді.
11 қараша 2019 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031