ҚЫЗЫЛӨЗЕК: ЕСЕП ПЕН ЖОСПАР
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев қалаға қарасты ауылдар мен кенттерде өткен жылды қорытындылап ел алдында есеп беруде.
Қызылөзек ауылдық округіндегі кездесуде өткен жылы облыс орталығы мен оған қарасты елді мекендерде атқарылған жұмыстың жай-жапсары айтылды.
Кездесу барысында алғаш болып Қызылөзек ауылдық округінің әкімі С. Нысанұлы жерлестеріне өз есебін берді.
Ауылда айтулы істер жетерлік. Былтырғы жылы ауылға кіре беріс жолдың біраз бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген, ауыз су мәселесі де шешімін тапқан. Яғни, бюджеттен қаралған 306 млн 23 мың теңгеге ауылдағы ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Округте 1 ауылдық амбулатория, 2 фельдшерлік пункт және 1 дәріхана тұрақты жұмыс істеп тұр.
«Біз бекітілген жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жұмысты жалғастыра береміз. Бұл жылды да ойдағыдай, табысты аяқтайтынымызға сенемін»,- деді ауыл әкімі.
Есеп беру жиынында қала және ауыл әкімдеріне тұрғындар тарапынан сауалдар қойылып, оған тұшымды жауап берілді.
Өткен жыл еншісіндегі елеулі істерді тұрғындар жоғары бағалап, алдағы уақытта ауыл халқы үшін қажет деген мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Қала әкімі Н.Нәлібаев бірлігі бекем ауыл халқының ауызбіршілігіне және әр істің әділ сыншысы болып, қолдау танытып жүрген қызылөзектіктерге шынайы ризашылығы мен алғысын білдірді.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі