» » Аудан әкімі ел алдында есеп берді

Аудан әкімі ел алдында есеп берді

  Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың Әйтеке би кенті тұрғындары алдындағы есепті кездесуі болып өтті. Жиынға Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Мұхамедиса Әлсеріков, қоғамдық кеңестің төрағасы Қасқырбай Әлімбаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, сала басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
  Жиналыста алдымен аудандық полиция бөлімшесінің бастығы Е.Сағымбаев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, аудан және кент тұрғындары арасында болған қылмыстылық деңгейі туралы баяндады.
   Мұнан кейін Әйтеке би кентінің әкімі Ж.Мұратбаев өткен  жылы атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.
    Жылды қорытындылаған аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы ауданымызда 2018 жылы атқарылған жұмыстарды пысықтап, биылғы жүргізілетін жоспарлармен бөлісті.
    Әйтеке би кентінде жыл көлемінде талай ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, Әйтеке би кентіндегі қалып қойған тұрғын үйлерді толықтай газ желісімен қамту үшін аудандық бюджеттен 12,0 млн теңге бөлініп, жоба әзірленді. Кентке кіре беріс Р.Бағланова көшесін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылды. Сондай-ақ, кенттің 10 және Қазалы қаласының 10 көшесіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, тізімі ҚР Ұлттық экономика министрлігіне тапсырылды.
Есепті баяндамалар тыңдалғаннан кейін, Әйтеке би кенті тұрғындары тарапынан туындаған сауалдарға аудан әкімі және кент әкімі жауап беріп, тұрғындар тілегі қашанда басты назарда екендігін атап өтті.

23 қаңтар 2019 ж. 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031