Қытайдағы этникалық қазақтар "қайта оқыту" орталықтарынан босатылды.

Айтуынша, қазір Қазақстан Қытай билігімен этникалық қазақтардың мәселесі бойынша екі жақты деңгейде жұмыс істеп жатыр.
Соңғы екі жылдың ішінде сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматтарынан Шыңжаңда тұратын этникалық қазақтарға қатысты 5 мың өтініш түскен. Олардың барлығы қаралып, тиісті көмек көрсетілді, деп сендірді ол. "Былтыр этникалық қазақтарға 43 мың виза берілді. Ол бір мәртелі емес, үш жылға тегін берілетін визалар. 2018 жылы біз тек 8 мың ғана берген едік. Өсім қандай екенін көріп тұрсыз ба? Этникалық қазақтар Қазақстанға көптеп келіп жатыр", - дедіМ. Тілеуберді.