Режиссер қазақтарға тәнті болған
Батыс Моңғолияда тұратын қазақтардың өмірін қысқа метражды фильм етіп түсірген танымал шетелдік режиссер Брэндон Ли қазақ халқының мықтылығына тәнті болған. «Моңғолия көшпенділері» деп аталатын фильмде басты рөлдерді қазақтар сомдайды. Көшпенді халықтың қызық өмірін баяндайтын бұл фильм шетелде күн санап танымал болуда. Өзге ел өкілдері қазақтардың өмірін баяндаған фильмге жоғары бағасын беріп, жарыса мақтауда. «Жобаны бастамас бұрын мен продюсерім Анслейден фильм түсіргенге әлемдегі ең керемет дүниені тауып беруін өтіндім. Ол маған бүркітпен аң аулаушы қазақтар туралы ақпарат жинап әкелді. Мен бұған бірден тәнті болдым», – дейді Брэндон Ли. Брэндон көшпенді қазақтармен бірге бір ай бойы тұрып, көшпенділердің қиын әрі қызықты өмірінің куәсі болған.