» » Бауыржан Момышұлы "Халық қаһарманы" ма? Батырдың келіні ащы шындықты айтып берді

Бауыржан Момышұлы "Халық қаһарманы" ма? Батырдың келіні ащы шындықты айтып берді


Биыл даңқты батыр Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл. Момышұлы көзінің тірісінде алмаған біраз атақ пен құрмет, батыр қайтыс болған соң берілген еді. Елімізде Момышұлының атымен аталатын көшесі жоқ елді мекен кемде кем. Одан өзге батырдың атындағы оқу орындары да бар. Жас ұрпақ оны ерекше батыр, «Халық қаһарманы» деп біледі. Ал дәл осы «Халық қаһарманы» атағы туралы ел арасында басы ашылмаған мәселе бар көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz  
Оқулықтар мен энциклопедияларда Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы 1995 жылы берілді деп жазылған. Бірақ, батырдың келіні, жазушы Зейнеп Ахметова үйімізге ол атақтың белгісі берілмеді деп отыр.
Даңқты батырдың келіні Зейнеп Ахметова барлық жұрт Бауыржан Момышұлын "Халық қаһарманы" деп білетінін айтады. Алғашында ондай атағы жоқ деп түсіндіруге тырысып жүрген ол кейін дауласуды қойдым дейді. Себебі ондай атақтың берілгендігі туралы бірнеше жерде жазылған. 
"Мысалы Қасым Қайсенов қайтыс болғаннан кейін атақ берілді, отбасына тапсырылды. Өзіміз көрдік бұл жағдайды. Тіпті отбасына табысталмағанның өзінде де БАҚ-та айтылуы не жазылуы керек керек еді ғой", - деді батырдың келіні Зейнеп Ахметова
Зейнеп Ахметова егер ол марапат берілсе, заң бойынша отбасына табысталуы тиіс еді дейді. Батырдың шаңырағына бас-көз болып отырғанда осы жайтты анықтап алғысы келеді. Момышұлына ондай атақ 1995 жылы берілуі мүмкін деп, сол жылдардағы мемлекеттік басылымдар шолынып шықты. Ресми дерек кездеспеді. Жалпыға ортақ "Уикипедия" электронды ақпарат көзінде батырға атақ берілген деп жазылған. Ал Баурыжан Момышұлының келіні ешқандай марапат керек емес, тек шындық салтанат құрса болғаны дейді. 
"Атаның атағы онсыз да жеткілікті. Сонау Совет үкіметі кезінен бері халық атамды қаһарман деп келген. Маған шындық керек. Неге былай кітапқа жазылады? Неге энциклопедияларға енгізіліп, оқулықтарға қосылды бұл ақпарат?", - деп қосты қаһарманның келіні. 
Көпшілікке ұлттыщқ тәрбие мен салт-дәстүрді айтудан жалықпайтын Зейнеп Ахметова жуырда 75 жасқа толды. Мен үшін ең үлкен атақ Момышұлының келіні атану дейтін жазушы марапат мәселесі биыл батырдың 110 жыл толуына орай шешемін табады деген үмітте.  
12 ақпан 2020 ж. 665 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031