Қуанышбек Ысқақов, Қызылорда облысының әкімі: Қазір халық теледидар көрмейді, газет оқымайды деген бекер сөз
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов «Сыр медиа» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Серіктестікке қарасты редакцияларды арнайы аралап, баспаханадағы газет басылу процесін көрді.
Мемлекеттік мүддені қалың көпшілікке жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың маңызы зор. Осы орайда облыстағы бірнеше басылымды бір шаңырақ астына топтастырған «Сыр медиа» серіктестігі елдік мұраттарға қызмет ету жолында сенім биігінен түскен емес.
Он жылға жуық тарихы бар медиабірлестік құрамында әуелгі жылдары бір өзеннің қос саласындай қатар өрілген «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері болды. 2013 жылы оған қалалық, аудандық ресми басылымдар қосылып, жұмыс ауқымы кеңейді. Облыс әкімдігінің қолдауы нәтижесінде содан бері «Сыр медиа» еліміз бойынша өнімін өз баспаханасынан шығарып, өзі тарататын іргелі ұйымға айналды.
«Сыр медиа» ЖШС мемлекеттік саясатты, республика мен өңір
жаңалықтарын халыққа дер кезінде мазмұнды түрде жеткізу қызметін қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңашылдықпен жүргізіп келеді. Бүгінде барлық басылымның сайттары, сондай-ақ 2011 жылы ашылған «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және өзге де салалар бойынша қоғамның тыныс-тіршілігі туралы оқырманға жедел әрі сенімді ақпарат таратуды жолға қойды. Бүгінде 500-ден астам адам еңбек ететін «Сыр медиа» серіктестігі ел игілігі жолында бастамаларымен қалың бұқараға жақсылықтың жаршысы, ұлағатты істердің ұйытқысы ретінде белгілі.

«Сыр медиа» ЖШС-ның бас директоры Аманжол Оңғарбаев серіктестіктің атқарып келе жатқан жұмыстары туралы жан-жақты баяндап берді. Жиын соңында облыс әкімі медиабірлестіктің атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, алғысын білдірді.
"Бұқаралық ақпарат құралдары- бұл біз үшін елдің айнасы десек болады. Президенттің саясатын, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау ісінде БАҚ-тың ролі ұшан-теңіз. Қазір халық теледидар көрмейді, газет оқымайды деген бекер сөз. Жақында облыс басшысы болғаннан кейін елді-мекендерді аралап қайттым. Өздеріңіз де газет бетінде жаздыңыздар ғой. Сол кезде Аралдан бастап Жаңақорғанға дейін ауыл адамдарының барлығы газетті міндетті түрде оқиды, олардың барлығы теледидардағы жаңалықтарды жібермей қарайды. Шын мәнісінде жаңалықтарды, проблемаларды халыққа өз дәрежесінде жеткізетін құрал-бұл бұқаралық ақпарат құралдары"- деді аймақ басшысы Қ. Ысқақов.