Биыл облыста кварц құмын өндіретін комбинат пайдалануға беріледі
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында осы жылы кварц құмын байыту бойынша тау-кен байыту комбинатының бірінші желісі пайдалануға беріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өтіп жатқан халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді.
Сонымен қатар, өңір басшысы кальцийлендірілген сода өндіретін алғашқы зауыттың құрылысының жобасын министрліктермен келісудің соңғы кезеңі жүріп жатқандығын да атап өтті.
– 2020 жылы Арал ауданында құны 750 млн. теңге тұратын, сағатына 5 тоннаны құрайтын кварц құмын байыту бойынша тау-кен байыту комбинатының бірінші желісі пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, Қызылорда қаласында құны 1,8 млрд.теңге тұратын жоғары қысымды шыныпластик желілік және сорғы-компрессорлық құбырларды шығару жобасы іске асады, – деді облыс әкімі халық алдындағы кездесуінде.Облыс әкімінің атап өткеніндей, 2019 жылы «Арал тұз» акционерлік қоғамы тұз өндіру көлемін 25 пайызға, атап айтқанда, жылына 400-ден 500 мың тоннаға дейін ұлғайтты. Ал, биыл тағы 10 пайызға арттыруды және 2022 жылға қарай өндіру көлемін 700 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қуаттылығы 120 мың тонна болатын ас тұзын өндіретін үшінші испандық цехтың құрылысына кірісуде.
Сонымен қатар, өңір басшысы кальцийлендірілген сода өндіретін алғашқы зауыттың құрылысының жобасын министрліктермен келісудің соңғы кезеңі жүріп жатқандығын да атап өтті.
– Шиелі ауданындағы «Баласауысқандық» ванадий кен орнында қара тақтатастарды автоклавты қайта өңдеу жобасы, Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу және басқа да бірқатар перспективалы жобалар бойынша жұмыс жалғасуда. Осылайша, өңдеу өнеркәсібін дамыта отырып, болашақта өңірдің мұнайға тәуелділігін төмендетеміз. Алайда, бұл бір жылдың жұмысы емес, – деді Қ.Ысқақов.