» » БИЫЛ СОЛ ЖАҒАЛАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МӨЛТЕК АУДАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

БИЫЛ СОЛ ЖАҒАЛАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МӨЛТЕК АУДАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Жыл соңына дейін Сырдарияның сол жағалауындағы алғашқы мөлтек аудан ашылады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.
«Қазіргі кезде мұнда 320 орындық балабақша, «Болашақ» университетінің кампусы мен жастар ресурстық орталығының құрылысы жүріп жатыр, неке қию сарайы салынады. Ең бастысы, 2017 жылы алғашқы 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастадық. Сол жағалаудағы бірінші мөлтек ауданды биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз»,- деп мәлімдеді аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, қазір жаңа қалада Рухани жаңғыру орталығының құрылысы жүріп жатыр. Нысан 1925 жылы ұлтымызға қазақ атауы берілген тарихи шешім қабылданған Қазақ атқару комитеті ғимаратының сызбасы негізінде бой көтереді.
14 ақпан 2018 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031