» » "2000 жылғы" Асан Пердешов жас келіншегі туралы барлық шындықты айтты

"2000 жылғы" Асан Пердешов жас келіншегі туралы барлық шындықты айтты

  Отандық танымал әнші Асан Пердешов өзінің кәмелет жасқа толмаған қызға үйленгені жайлы қауесеттерге нүкте қойды. Өнер иесі жары шын мәнінде қай жылғы екенін айтып, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берген "Қазақстан" телеарнасындағы "Ниет" бағдарламасында.
­
Асан Пердешов өзінің үйленгені желіде аса қызу талқыға түскенін алға тартты. Әншінің сөзінше, кейбір оқырмандар тіпті, оны мектеп оқушысын жар етті деп сөккен.
­
Алайда, сұхбаты барысында өнер иесі көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап беріп, әйелінің шынайы жасын жария етті.
­
"Кімнің аузына қақпақ боласың. Бұл мәселеге қатысты өзімнің Instagram парақшамда жауап берген болатынмын. Біреу жазыпты "Асан Пердешов сегізінші сынып оқитын қызды өзіне жар қылды" деп. Сосын мен оған "бірден үшінші сыныптың қызын алды деп жаза салмадыңдар ма" деп жаздым.
Енді қайтемін, келіншегім жас көрінсе, менің кінәм емес. 15-16 жастағы қыз емес. 2000 жылғы, менен жасы кішкентай. Мен одан үлкенмін. Арамыз ұзақтау, бірақ өзі жақсы көріп тұрғаннан кейін болатын шығар деп ойлаймын. Кәмелет жасқа толған қыз. Аллаға шүкір, жақсы отбасымыз" , - деді Асан Пердешов.
19 ақпан 2020 ж. 1 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031